QAZCLINKER палитрасы Tanu Design Tour-да таныстырылды
Палитраның авторы: керамист Алтынай Байжан (Altyn Ceramics). Іс-шара қатысушыларының 42%-ы толық пікір жіберді, барлық кері байланыс зауыт зертханасына берілді.
26.05.2026

Палитраны Exterior Solution CEO-сы Мерует Жумагулова таныстырды. Міндет: бренд негізіне Қазақстанның мәдени кодын салу болды. Зертхана әлемдік өндірушілердің пигменттерін сынады, плиткалардың тәжірибелік үлгілерін жасады және сәулетшілердің қалауын талдады.
«Дизайнерлер мен сәулетшілердің таңдауы кәсіпорында шығарылатын коллекцияларды дайындауға тікелей әсер етті», деп атап өтті QAZCLINKER бас технологы Мақпал Найманбаева.